Өскеменде Парламент мәжілісінің депутаттары білім саласының қызметкерлерімен кездесті

681
көрілім
Облыс орталығына табан тіреген Парламент мәжілісінің депутаттары кеше өңірдің білім саласында тер төгіп жүрген қызметкерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Парламент мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамыраев пен Мұхтар Ерман Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да білім саласының қызметкерлерімен жолықты. Шара барысында облыстың Жоғарғы оқу орындарының мамандары өздерін толғандырған өзекті мәселелерін алға тартты. ҚАЕУ өкілі оқушыларды үштілге оқытудың қиындықтарымен бөліссе, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың проректоры аймақтағы бакалавриат, магистратура, докторантура оқу түрлерінің дұрыс дамымағанын мәлімдеді.

Қойылған сауалдармен танысқан Парламент мәжілісінің депутаттары бұл бағытта тиісті жұмыстардың атқарылатынын айтты.