ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Жарасов пен Василий Олейник қызметкерлермен жүздесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында депутаттар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының басты бағыттарына тоқтала келе мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.