Өскеменде партиялық бақылау комиссиясының отырысында экологиялық мәселе қаралды

907
көрілім

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынға комиссия мүшелері, «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Байжанова, ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Алиев, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсаинов, Партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік экологиялық кеңестің төрайымы Татьяна Чернышова және ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі мен Өскемен қаласы және Зайсан ауданының әкімдіктерінің өкілдері қатысты.


Отырыстың күн тәртібінде Партия мүшелерінің-Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2021-2022 жылдары «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жүзеге  асыруы бойынша атқарған жұмыстары және оның ішінде экология саласындағы жобалар (полигондар, қоқыс өңдеу зауыттары, газға ауыстыру және т. б.)" мәселелері қаралды.
- Статистика көрсеткендей, 2022 жылы, алдыңғы 5 жылдағыдай, Шығыс Қазақстан облысы бойынша нақты жалпы шығарылым (Абай облысының кәсіпорындарын ескере отырып) шамамен 130 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, негізгі үлесі немесе 21,8%-ы «Қазмырыш» ЖШС тау-кен металлургиялық кешендеріне тиесілі. Сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында экологиялық рұқсаттардың шарттарына сәйкес әрбір кәсіпорын қоршаған ортаға жүктемені азайту мақсатында тазарту жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын да, технологиялық процестерді жаңғыртуды да қамтитын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыруға міндетті, - деді Данияр Алиев.


«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Жол картасында өңірдің экологиялық мәселесін жақсартуға қатысты нақты тармақтар бар.
- «AMANAT» партиясы ШҚОФ жанындағы өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің әрбір отырысында біз өңірдің экологиялық мәселелеріне қатысты талай сұрақтарды қарадық. Кеңестің негізгі мақсаты сайлауалды бағдарламадағы экология мәселесіне қатысты бағытының орындалуын және халықты толғандыратын өзекті экологиялық мәселелерді қарастыру, - дейді Партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік экологиялық кеңестің төрайымы Татьяна Чернышова.

Жиын барысында комиссия мүшелері 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөніндегі жоспарды орындамағаны үшін  және сайлауалды бағдарламаланың сапасыз орындалуына байланысты жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін партиялық жауапкершілікке тарту туралы мәселесіде көтерді.