Өскеменде пеш мұржасының уақтылы тазаланбауы салдарынан екі жасөспірімге иіс тиді

385
көрілім

 Өскемен қаласында пеш мұржасының уақтылы тазаланбауы салдарынан иіс тиген екі жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 сәуірде Өскемендегі Шығыс кентінде болған.

«Жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерінің бұзылуынан, нақты айтқанда, мұржаның уақтылы тазаланбауынан 16 және 15 жастағы екі жасөспірімге иіс тиді. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындардан пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Талғатжан Мұхаметбекұлы