42 жастағы қала тұрғыны бөгде азаматтың өзінің ұялы телефонын алып қашқандығын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тексеріс барысында анықталғандай, жәбірленуші пәтерін жалға береді екен. Оқиға болған күні оған хабарласқан танысы бөлмеде жекебас куәлігін қалдырып кеткенін сылтау етеді. Қасында 33 жастағы ресей азаматы бірге болған. Үйге кірген сәтте ресейлік бұрауышты алып үй қожайынының кеңірдегіне тақаған. Алайда ол еш қорқыныш білдірмеген соң күдікті қолындағы телефонын тартып алып, ізін суытқан.
– Құқықбұзушы келесі күні-ақ қолға түсті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, тергеу кезінде ол бұл ісін қалжың үшін жасағанын мәлімдеді. Еш жерде жұмыс істемейтін ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.