ШҚО полицейлері ұрлық жасау фактісімен екі жігітті қолға түсірді. Екеуі де қалаға басқа аймақтан «жұмыс бабымен» келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері басқа облыстардан келген, бұрын сотталған екі адамды ұстады. Әккі әрекеттерін әбден талқылап алған екеу қаңтар айының басында Өскемендегі үйлердің біріне кірді. Сол жерден әшекейлер мен құндыз тонды қолды қылғандарымен, аздан соң ұрлаған заттары пәтерлердің бірінде тәркіленді. Алтын бұйымдарды сатып, қолға түскен ақшаны жұмсап үлгерген.
«Ұрлық» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот санкциясымен күдіктілердің біреуі қамауға алынды.