Өскеменде пәтердің өртенуіне теледидар себепші болды

580
көрілім
Шартты фотосурет.

Теледидарды қосулы күйде қалдырған тұрғын үй иелерінің пәтері отқа оранған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау кешкі сағат 18.00 шамасында Өтепов  көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде шыққан. Үшінші қабаттағы пәтер иелері теледидарды қосулы күйде қалдырып, серуенге кетеді. Осы уақытта көк жәшік қандайда бір себепетермен жанып кеткен.

– Теледидар өртеніп, қызыл жалын пәтердегі басқа да жиһаздарды шарпыған, – деп хабарлайды Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі, – Өрт салдарынан көпқабатты тұрғын үйдегі 38 адам қауіпсіз жерге көшірілді.