Өскеменде «Поэзия парасаты» атты байқау өтті

814
көрілім

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бас ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Поэзия парасаты» атты университет студенттері арасында поэтикалық battle — байқауы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Бұл шара университет деңгейінде ұйымдастырылып жатыр. Шараның мақсаты – Абай шығармашылығын жастарға насихаттау, ақын әлеміне бойлау арқылы қазақи дәстүрдің құндылықтарын бойға дарыту. Абайды бәріміз білеміз. Бірақ жай ғана білген мен оның рухани құндылығын, адами қасиетін түсіну екеуі екі бөлек дүние. Осы жағынан келгенде өз бойымыздағы кемшіліктердің бар екенін мойындауымыз керек. Жастар осы кештен өздеріне керекті дүние алды деп ойлаймыз. Ақынның мерейтойы әлі де жалғасын табады. Себебі Абай өлеңдері қазақтың таусылмас мол мұрасы, – дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың гуманитарлық және денешынықтыру факультетінің деканы Раушан Айдарбаева.

Байқауға үш топ қатысты. «Телқара», «Алау», «Incredibles» топтары Абайдың өлеңдерін, әндерін айтып өзара тартысқа түсті. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Бірінші – кезең командалардың таныстырылымы, екінші кезең – «Білімдіден шыққан сөз», үшінші кезең – «Асыл сөз», төртінші – кезең «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», бесінші – кезең «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп аталды. Сайыс барысында студенттер ақынның өлеңдерін, Қара сөздерін үш тілде еркін айтып берді. Сонымен қоса жас ақындар ұлы ақынға арнау өлеңдерін оқыды.

Әдеби кештің қортындысы бойынша «Телқара» тобы – 1 орын, «Алау» тобы – 2 орын, «Incredibles» тобы 3 орынды иеленді.

Таунар ҚАЙРАТ