Облыс аумағында «Заңсыз тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары соңғы аялдамалардағы автобустардың техникалық жағдайын тексеріп, жүргізуші, кондукторлар және жолаушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізуде.
– Қоғамдық көлікте құқық бұзушылық фактілерінің жиілеуіне байланысты 11-15 қаңтар аралығында «Заңсыз тасымалдаушы» жедел алдын алу шаралары өткізілуде. Оның мақсаты – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – дейді полиция басқармасының өкілі Ғабит Әбенов.
Жолаушы тасымалдаушылар өз кезегінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерде бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігін атап өтті.