Тәртіп сақшысы жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, 13-ші шілдеде жергілікті полиция басқармасының қызметкері көлікті мас күйінде тізгіндеген.
Сот ер адамды ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енбеді.