Өскеменде полиция қызметкерлеріне ала таяқтары қайтарылды

331
көрілім

Бүгіннен бастап тәртіп сақшылары жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқтарды қайта пайдаланады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Еске сала кетсек, ҚР-ның ІІМ 2017 жылы алып тастаған еді. Оны шетелдегі озық мемлекеттер баяғыда-ақ бас тартқан, біздің елде де солай болуға тиіс деп түсіндірген. Ағымдағы жылдың тамыз айында жол полициясына қайта беріледі деп хабар етті.
Бүгін жүргізушілер жол полициясы қызметкерлерінің қолдарынан ала таяқты көруде. ІІМ-де олар тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланатынын атап өтті. Полиция қызметкерлері жарық шағылыстырғыш лентасы бар жасыл жилет киеді. Сондай-ақ, қайтадан ысқырықты пайдалана алады.