Қазақстан полициясы күні қарсаңында 5 қабатты тұрғын үйде ерекше арт-нысан ашылды, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Муралда оң қолымен бала көтеріп тұрған полиция қызметкері, жол сақшысы мен оның көлігі бейнеленген. Бұл ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтардың тыныштығын қорғауды қамтамасыз ететінін көрсетеді.
Арт-нысанның салтанатты ашылуына ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков, ШҚО бойынша ІІО және ҰГ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев және жеке құрам қатысты.
ШҚП ПД мәліметінше, бүгінгі таңда облыста үш мыңнан астам полиция қызметкері бар.