Жуықта қаладағы сауда үйлерінің бірінің жанында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz.
Анықталғандай, оқиға ақпан айының 6-сы күні ойын-сауық кешендерінің бірінің жанында болды.
- Күдікті қолға түсті. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән жайы анықталуда, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Ресми ақпаратқа сәйкес, пышақ 16 жастағы жәбірленушінің оң жақ кеудесіне кірген. Ол бірден Ана мен бала орталығына жеткізілді. Қазір хирургиялық бөлімде ем алуда, жағдайы бірқалыпты, - делінген ақпаратта.