Өскемен қаласында пышақ жарақатын алған екі оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеше қаладағы орта мектептердің бірінде ерегесіп қалған екі оқушының бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберген. Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген еді.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы қалыпты.
«Болған оқиғадан кейін екеуі де бірден Ана мен бала орталығына жатқызылған. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқастардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, полицейлер бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Талғатжан Мұхаметбекұлы