Өскеменде «Репродуктив» атты денсаулық апталығы өтеді

161
көрілім
фото сурет ашық дереккөзден

24-30 маусым аралығында қалада денсаулық апталығы өтеді деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған апталық Әйелдер істері және  отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен  ұйымдастырылып отыр. Яғни тұрғындарды барлық жағынан хабардар ету  және  салауатты өмір салтын  насихаттау. Репродуктивті денсаулық апталығы репродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат алудың, білікті мамандарға сұрақтар қоюдың, тексеруден өтудің және салауатты болашаққа қадам жасаудың бірегей мүмкіндігі.  Бұл шараға  мемлекеттік органдар , халықаралық  ұйымдар мен медиа тұрғындар белсене қатысады.

ШҚО-ның бас репродуктологы консультативті диагностикалық  «Ана мен Бала» орталығының  бөлімше меңгерушісі,  Надира Слямханқызының сөзінше, Апта аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады.

  •  Жас қыздармен ұл балалардың,  жыныстық қатынасқа ерте жастан  түсуі салдарынан болатын, жұқпалы аурулардың  алдын алу үшін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Аталған аурулардан бөлек жас  қыздармен,  әйел адамдарды жүктілікке дайындау, сол жолда қажетті ем-шараларды жүргізу сияқты бірыңғай жұмыстар атқарамыз. Бұл акция ел президентінің және министрліктің қолдауымен өтіп отыр.  Репродуктивті салада жұмыс істегеніме 15 жылдан астам уақыт болды. Сол жылдар ішінде  әйелдер арасында, бедеуліктің белең алғаны жасырын емес. Сол үшін де  қаламызда бүгінге дейін, көптеген орталық ашылып, түрлі ем-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деді білікті маман .

 

Айта кетейік аталған апталық жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді де шешуге бағытталған.