Өскеменде республикалық ақындар айтысы өтеді

592
көрілім
Алтайдың төріндегі айтыс айбынды қолбасшы Көкжал Барақ батырдың ерлігін насихаттауға, дәріптеуге арналады.  «Айбынды хан батыры – Көкжал Барақ» айтысына еліміздің түкпір-түкпірінен дүлдүл ақындар қатыспақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
 
Аламанның ұйымдастырушысы әрі бас демеушісі - «Көкжал Барақ» республикалық қоғамдық қоры.
 
Ел мен жерді сақтау жолында талай жорықтарда қан кешкен батыр баба Көкжал Барақтың ерлігін жырлауға қарағандылық Мақсат Ақанов, алматылық Сезімхан Шұғайып, шымкенттік Біржан Байтуов, астаналық Мейірбек Сұлтанхан, семейлік Айбек Жеңісқазин үн қоспақ. Жерлес ақындардан Гүлжан Ықылас, Ардабек Ақбаба, Серік Қуанған, Қуаныш Еркінұлы, Естай Жанабай мен Гүлжан Ықылас қатысады.
 
- Айтысты Серікзат Дүйсенғазы жүргізеді. Әділқазылар алқасының төрағасы - Күршімнің тумасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, қазақтың халық әртісі Досхан Жолжақсынов. Сонымен қатар, Әлібек Қаңтарбаев, Қалқаман Сарин, Аслан Ғафуров, Хасен Закария ақындардың айтысына әділ қазылық етеді, - дейді «Көкжал Барақ» республикалық қоғамдық қорының төрағасы Мирас Садықов.
 
Айтыс 21 қазан күні, сағат 16.00-де Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» залында өтеді. Кіру тегін.