Облыс орталығындағы 19 шағын ауданда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы шағын саябақ салу жоспарлануда, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы қала басшысы Жақсылық Омар мәлімдеді.
– Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов есімімен аталған саябақты Жеңіс күні мерекесіне орай ашу жоспарлануда, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.
oskemende_sahadat_nurmahambetov_atyndahy
59