Өскеменде сатира саңлағы студенттермен жүздесті

407
көрілім

Облыс орталығында С.Аманжолов ШҚМУ студенттері белгілі сатира саңлағы, журналист, «Ара» журналының бас редакторы Көпен Әмірбекпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сатира саңлағы 70 жылдық мерейтойын С. Аманжолов атындағы жоғары оқу орнында атап өтті. Кездесу барысында театр сыншысы өзінің еңбек жолы мен шығармашылығын студенттер қауымына кеңінен баяндап берді.

Кездесу барысында Көпен Әмірбектің бірге оқыған замандастары мен достары да құттықтау сөз сөйледі.

– Көпеннің астарлы әзілдері жүзіңе күлкі сыйлағанымен жан дүниеңнің әлсіз тұсына дөп тиіп жатады. Әр әзілдің түбі қазақы тәрбиемен ұштасып жатуы тегін емес. Әзіл де сөз өнерінің өзіндік бір құдыреті, – дейді Мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының ШҚ облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков.