Облыс орталығының тұрғыны «болашағыңды болжап беремін» деген әйел адамның арбауына қалай түскенін де білмей қалған. Бірер минуттардан кейін есін жиған ол әшекей бұйымдарының жоғалғандығын аңғарады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қаладағы сауда үйлерінің бірінде сатушы болып жұмыс істейтін 25 жастағы азаматша өзіне келген балгерден болашағын білмек болады, алайда гипнозға түскен ол, 90 мың теңгеге бағаланған алтын сырға мен жүзіктерді өз еркімен бере салған. Жәбірленуші қайтадан есі кіргенде балгердің ізін суытқанын байқап, полиция қызметкерлеріне хабар береді. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары алаяқты бірден қолға түсірген.
29 жастағы Семей қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.