Өскеменде сатып алынған барлық трамвайлар жолға шығады

337
көрілім

Облыс орталығындағы барлық трамвай рельстері жөнделіп, Алматыдан алынған трамвайлар қайта бағытқа шықпақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алматы қаласынан сатып алынған вагондардың барлығы әлі күнге дейін жолға шықпағанына наразылығын білдірді. Ал рельстердің жай-күйіне қатысты жауапкершілікті трамвай паркінің бұрынғы басшылығына жүктеді.

– Келер жылы 30 жылда бірінші рет рельстер жөндеуден өтпек. Барлығы 22 трамвай тұрғындардың игілігіне жарамақ. Рельс жолдарының көп бөлігін жөндеп, мәселені шешеміз, – деді Даниал Ахметов.