Өскеменде сәби сүйе алмай жүргендерге қайдан кеңес алуға болады?

222
көрілім
ашық дереккөзден

Аймақта Ана мен бала орталығында бала сүйе алмай жүрген отбасыларға арналған шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас репродуктолог Надира Слямханқызының сөзінше, қалада сәби сүйе алмай жүрген отбасылар Ана мен бала орталығына келіп, тегін кеңес ала алады.
- Іс шараның негізгі мақсаты - бала сүюге мүмкіндігі төмен және қандай да бір ақаулықтары бар отбасыларға, бедеулігі басым әйелдерге көмек беру. Мұндағы мамандар ретімен зерттеу әдістерін жүргізіп, керек жағдайда ем қабылдатқызып, дұрыс бағдар береді, - деді ол.
Сонымен қатар бұл  іс-шара қала бойынша ғана емес, барлық аудан орталықтары мен ауылдарды да қамтиды.
- Бұнымен қоса, Президентіміздің Аңсаған сәби бағдарламасы арқылы болашақ аналарды жасанды ұрықтандыру жолымен де бала көтеру мүмкіндігі бар, - деді Надира Слямханова.