Өскеменде сенбі күні Зайсан ауданының кәсіпкерлері жәрмеңке өткізеді

660
көрілім

Қазан айының 21-і күні облыс орталығында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында өтетін жәрмеңкеге Зайсан ауданының кәсіпкерлері келсе, Металлургтер мәдениет сарайының (ДКМ) алдындағы алаңда Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ.

Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қазан айының 21-і күні сағат 9:00-де басталады.