«Көркем Телеком» ЖШС облыс орталығында жиі кездесетін заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
1-30 қаңтар аралығында «Сергек» бейнекамералары 345 заң бұзушылықты тіркелген. Оның 220-сы – ұсақ-түйек бұзақылық, 73-і – қоғамдық орындарда алкагольді ішімдік ішкен, 47-сі – жол-көлік оқиғасы, 1-еуі ұрлық фактілері.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында 1700 камера орнатылған. Олар жол қиылыстары мен жекелеген аумақтарда, сонымен қатар сауда орталықтары мен адам көп шоғырланатын орындарда орнатылған.