Өскеменде «Сергектің» көмегімен жерасты есірткі зертханасы табылды

578
көрілім
Шартты сурет

Өскеменде «Сергек» бейнебақылау жүйесінің арқасында есірткі сатушы ұсталып, жерасты есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Назарбаев көшесі бойындағы үйлердің бірінде бейтаныс жігіттің тұрып жатқаны және түнде ғана пәтерден шығатыны туралы хабар келіп түскен. Бұл ақпаратты растау үшін бейнебақылау камералары қаралды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің айтуынша, бақылау барысында жас жігіттің күн сайын түнде пәтерінен сөмкесін асынып шығып, сол маңды айналып өтіп, түн ортасында үйіне қайтып келетіні анықталды. Нәтижесінде, оның есірткі сақтайтын орындары табылған.

Басқарманың мәліметінше, оның қылмыстық әрекетіне қажетті айғақтарды алған полицейлер арнайы жасақпен бірге оны ұстауға кіріскен.

Ұстау кезінде күдіктіден «Альфа-ПВП» синтетикалық есірткі заты бар 30 бума тәркіленді.Ұсталған азамат бұрын Қарағандыда тұрған.Өскеменге есірткі сату мақсатында ақша табу үшін келген.

Полицейлер оның жалдамалы пәтерін тінту кезінде сатуға дайындаған тағы 600 грамм синтетикалық есірткі затын тәркіледі.