Өскеменде сержанттар марапатталды

2143
көрілім

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімі сержанттар күнін атап өтті. Қаладағы Металлургтер мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылып, үздік сержанттар марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 шілде – ҚР Қарулы Күштерінде сержанттар күні. Бұл кәсіби мереке 1996 жылдан бері атап өтіледі. Атаулы күн Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінің Кадет корпусы болып қайта құрылған күніне орай белгіленген. Әскери өмірді сержанттарсыз елестету мүмкін емес. Командир тарапынан қойылған жауынгерлік тапсырмалардың өз уақытында, сапалы орындалуында сержанттар құрамының рөлі ерекше.


- Біз әскери қызметкерлерміз. Бірақ әскери қызметшілердің арасында дәл осы біздің, яғни сержанттардың өз кәсіби мересінің болуы қуантады. Бұл атқарып жүрген жұмысымыздың бағалануы шығар. Барлық сержанттарды бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Өз қызметтеріңізді абырой атқар берулеріңізді тілеймін, - деді   1 сыныпты сержан Қуат Қасымов.
Қазақстан кәсіби сержанттар жүйесін дамытуда алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Бүгінде жеке құрамның әскери тәртіп жағдайы мен жауынгерлік рухын көтеруде  кәсіби сержанттардың маңызы зор.