Өскеменде Шемонаиха ауданының мәдени күні өтеді

530
көрілім

Облыс орталығында Шемонаиха ауданының мәдени күні өтеді. Өткен аптада қалаға Самар ауданынан келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

3,4 қараша күндері Өскемен қаласында Шемонаиха ауданының «ТУҒАН ЖЕР - АЛТЫН БЕСІГІМ» атты мәдени күні өтеді.
Нақты айтқанда, 3 қараша күні сағат 19.00-де Протозанов көшесі, 43 мекенжайындағы «Ертіс концерт» залында Шемонаиха ауданы көркемөнерпаздарының гала-концерті қойылады. Ал 4 қарашада сағат 7.00-ден бастап Қаныш Сәтпаев даңғылы, 39 мекен-жайындағы «ТНП» сауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Соның аясында спорттық жарыстар мен концерттік шаралар да ұйымдастырылмақ.