Өскеменде ШҚО драма театры жаңа маусымын бастады

385
көрілім

Қазақ, орыс, жастар труппалары кезекті демалыстан соң біріккен маусымдық ашылу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Театр маусымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы Абай мұраларын, тәрбиелі тағылымдарын жастардың санасына сіңіру мақсатында, сондай-ақ «Жастар жылына» орай, Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің болашағы ретінде «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» деген айдармен өтті.

Театрдың баспалдағынан басталатын, үш труппаның күшімен дайындалған әсем кешке келген көрермендер театрландырылған көріністердің куәсі болды. Күллі өнерсүйер қауымның мерекесі биыл да сәтті болмақ.

Ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары және М.Әуезов атындағы драма театрының актерлері қатысты.

– Кеш өте ұнады. Қойылымдары ары қарай да мәнді де, сәнді болады деп сенемін. М.Әуезов атындағы театр Шығыс Қазақстанға «Абай» спектаклімен келді. Бүгінгі кеш те сол тақарыпқа сай. Сондықтан бұл жастар арасында үлкен рухани мұраны оятар деп сенемін, – дейді белгілі актер Аян Өтепберген.

Айта кетейік, театр осы маусымда көрермендерін жаңа қойылымдармен тәнті етпек.