Өскеменде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмысы қорытындыланды

625
көрілім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет ведомствоның қызметі және осы жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Есепті брифинг «Antikor Ortalygy» сервис орталығында өтті. Оған «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бақыт, өңірлік ақпараттық-ағарту штабының басшысы Арайлым Есімбекова, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сөзінен басталды, онда ол алдын алу жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып, өңірдегі қылмыстар бойынша қылмыстық істердің статистикасын келтірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын жедел сүйемелдеу бойынша шараларды күшейтті.

– Бұл жұмысқа арнайы мониторингтік топтар, ақпараттық-ағартушылық штабтар," Адалдық алаңы "жобалық кеңселері баға жетпес үлес қосуда, – деп атап өтті облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.

Департамент жанында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша белсенді жастар мен діни қайраткерлер қатарынан өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб құрылып, белсенді жұмыс істеуде.

АМТ және Адалдық алаңы өкілдері covid-19-мен күресуге арналған қажетті дәрілік препараттардың бағаларына мониторинг жүргізу және шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі жұмысқа белсенді түрде кірісті.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда табысқа жетудің міндетті факторы ретінде мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есеп беруінің сөзсіз маңыздылығын түсіне отырып, Департамент облыс әкімдігімен бірлесіп, облыстың барлық қалалық және аудандық әкімдіктерінде ашықтық, қолжетімділік, есеп берушілік талаптарына сәйкес келетін сервистік әкімдіктер ашылды. Бұл жұмыс республикалық деңгейде үлгілі деп танылды. Ең үлкен 9 ауылдық округте сервистік әкімдіктер ашылып, 232 ауылда өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде, - деді Ерлан Жалмағамбет.

Ашық бюджеттердің интерактивті картасы жобасы шеңберінде бүгінгі таңда барлық мемлекеттік ұйымдарда 811 млрд.теңге сомасына бюджеттер жарияланды.

Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылатын "ADAL KÓMEK" жобасы табысты іске асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын алу жұмысының негізгі құралдары болып табылады. Жарты жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 мониторинг жүргізілді. 13 Мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметі сыртқы талдауға ұшырады.

Олардың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын жою, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша 218 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді.

Превентивті блоктың басты назары мемлекеттік сатып алулардың бағалық комплаенсіне аударылды. Жыл басынан бері "сатып алудың бірыңғай терезесінде" сатып алуды бақылаудың арқасында мемлекеттік органдардың бюджеттерін үнемдеу шамамен 1 млрд.теңгені құрады.

Сондай-ақ Департамент басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасын да ұсынды.

- Биыл облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 165 қылмысты тіркеді, оның ішінде 86% сыбайлас жемқорлық, онда 87 адам әшкереленді, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр және ауыр қылмыстардың саны 108-ден 129-ға дейін өсті. Қылмыстардың негізгі бөлігін парақорлық, ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері құрайды. Қызмет міндеттерінің бірі орындаушыдан ұйымдастырушыға дейінгі барлық қылмыстық тізбекті белгілей отырып, сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілерін анықтау болып саналады. Мұндай фактілердің жолын кесу 8 тұлғаны әшкерелеу арқылы жүргізіліп, лауазымды тұлғалардың бизнес істеріне заңсыз араласуына қатысты 11 факт анықталған. Бұған қоса, 9 тұлға жауапкершілікке тартылып, 13 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, - деп атап өтті Ерлан Жалмағамбет.

Залалды өтеу сомасы – 1,3 млрд теңгеге жетті және өткен жылдардың жылдық көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түскен.

Соңында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы облыстың барлық азаматтарын облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне белсенді жүгінуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.