Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығуы өтті

1016
көрілім

Аталған оқу-жаттығу жиынына бірнеше құзырлы мекеме өкілдері қатысты.
Бүгін Өскемен қаласында сағат 11.00де «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 және 3477 әскери бөлімдерінің әскери қалашығына жасалған шабуылға тойтарыс беру бойынша ШҚО Полиция Департаменті, ШҚО ТЖД және қалалық жедел көмек көрсету ауруханасымен бірлескен тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу барысында бос оқталған қарулар мен имитациялық жарылғыш заттар қолданылды.

Бағдат Амангелді,
ҰҰ «Шығыс» өңірлік
қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы