Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері жергілікті әкімдіктің өкілдерімен бірге келтірілген залалдың мөлшерін анықтауда. Коммуналдық қызмет жағдайды ретке келтіруге күш салып жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
19-шағын аудандағы Көкжал Барақ көшесіндегі 3 тұрғын үйдің шатыры табиғаттың тосын мінезінен аман қалмапты. Уәлиев көшесіндегі облыстық соттың да жалпы аумағы 1000 шаршы метрлік шатырын жел ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін түске дейін Өскемен қаласында қатты жаңбыр жауып, жел соққан. Осының салдарынан қаладағы арматура өндіретін зауыттың шатыры ұшып кетіп, Аблакетка ауданындағы орталық көшелердің бірінде қозғалысты шектеген.
Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта Аблакеткадағы зауыттың жұмысшылары жағдайды ретке келтіріп жатыр. Аздаған уақыттан кейін қозғалыс шектелген көше ашылатын болады.