Орта ауырлық жағдайдағы қылмыстар мен ауыр қылмыстар бойынша Шығыс Қазақстанда соңғы тоғыз айда 533 іс келіп түскен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 856-ны құраған. Яғни сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура сотқа жеткізбей екі тарапты татуластыруда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық №2 сот төрағасының міндетін атқарушы Тельман Алимхановтың айтуынша, қаралған істердің 23-і мемлекеттік тілде, яғни 4,8 пайызды құраған. Ал 2018 жылы бұдан әлдеқайда көп болған, өйткені бүгінде қайта қаралып, ақталған істер көп.
– Істердің тоқтатылуы көбінде жеке сипаттағы себепке байланысты. Яғни жала жабу, қорқыту, қоқан-лоққы көрсету сияқты жайттар. Тұрғындар арасында көбінде көрші-қолаңмен немесе ТҮКШ бөлімдерімен араздасқандар шағымданып, артынша қайта арызын қайтарып жатады. Оның себебі бітімгершілік арқылы татуластыру, айыппұл төлеттіру болып отыр байланысты. Өйткені сот процесіне дейін қайта қаралған істерде қанағаттанған тараптар өкпе-реніштерін кешіріп жатады, – дейді Тельман Алимханов.
Бұған қоса биыл сотталғандар саны азайды. Ағымдағы жылы 381 адамға жаза қолданылған. Бұл жылмен салыстырғанда 134-ке кем. Бүгінде барлық сот отырыстары аудио және бейнетіркеумен өтеді. Осындай тәртіпте 30 іс қаралған.
Тельман Набидоллиновичтің сөзінше, ҚР ҚК 68-бабы бойынша көп іс тоқтатылады. Бұл бап татуластыру мен ымыраға келуді қарастырып, арызданушының барлық шығыны өтелген жағдайда істі тоқтатуға көмектеседі. Медиаторлық келісім арқылы жүзеге асады.