Өскеменде «Сөйле, менің жүрегім...» атты облыстық поэзия байқауы жарияланды

624
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Серік Ғабдуллаұлының 85 жылдық мерейтойына орай,  «Сөйле, менің жүрегім...» атты облыстық поэзия байқауын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Поэзия байқауына 18-35 жас  аралығындағы  талапкерлер қатыса алады. Қатысушылар  шығармаларын 2022 жылдың 10 желтоқсанына дейін, ukcbs@mail.ru электрондық  пошта жіберулері тиіс.
Мүшәйраға қатысушылар екі өлеңін жіберу керек. Біріншісі – Серік Ғабдуллаұлына арнау – бұл өлеңге ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қоғамдағы қайраткерлік қызметі және азаматтық болмысы өзек болуы шарт.
Екіншісі – Тәуелсіздік тақырыбына арналған өлең.
Байқаудың шарты бойынша, туынды ешқайда жарияланбаған болуы тиіс.
Мүшәйраға қатысушылардың мәнерлеп оқу шеберлігі, талғамды, киім киісі және сахнадағы жүріс-тұрысына да назар аударылады.
Қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталған жеңімпаздар келесі орындар бойынша марапатталады: 1-орын (1), 2-орын (1), 3-орын (2), ынталандыру сыйлығы (2).

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімы - 2022  жылы, 14 желтоқсан күні Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада өтеді. Мүшәйраның мақсаты – Серік Ғабдуллаұлының рухты шығармашылығын насихаттау арқылы жастарды Отанды және туған жерді сүюге тәрбиелеу. Жас дарындарды анықтау және  ынталандыру.
Байқауды ұйымдастырушылар: «Ұлан ауданының әкімдігі; «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.
Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!
87755129367, 87077610077 – Серік Қуанған
Біздің мекенжайымыз:
ШҚО, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22