Облыс орталығындағы SPA-салондардың бірінде ұрлық болып, 1,5 млн теңгеден аса залал келтірілген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 27 және 39 жастағы ер адамдарды ұстаған. Олар Новаторов көшесінде орналасқан салонның біріне ұрланып кіріп кассадағы 1 490 000 теңге мен «Iphonе-6» маркалы телефонын жымқырып кеткен. Жалпы келтірілген шығын 1 690 000 теңгені құрады.
– Тәртіп сақшыларына қоңырау 29 жастағы салон иесінен келіп түсті. Ұрланған заттай айғақтар қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД.