Өскеменде спирттік өнімдерді заңсыз сатқандар ұсталды

299
көрілім

2019 жылғы 29 мамыр күні қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріжедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз саудалау бойынша үш заң бұзушылық фактісін анықтап, тиісті хаттама толтырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

- Жалпы алғанда 479,5 литр спирттік ішімдік тартып алынған.

 - Аталған факті бойынша заңсыз алкогольді өнім саудалаушыларға қатысты ӘҚБТК 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру), - делінген Өскемен қаласы Полиция басқармасының баспасөз мәліметінде.