Өскеменде су тасқынына байланысты жедел штаб құрылды

344
көрілім

Облыс орталығында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқынына қарсы шаралар барысында қала аумағынан 124 мың текше метр қар шығарылып, 5000 дана қап пен инертті материалдар дайындалуда.

- Жалпы ұзындығы 6 шақырымнан асатын алты су өткізгіш канал мен арықтар тазартылды, - деп толықтырып өтті ведмоство мәліметінде. - ТЖБ бастығының бұйрығымен су тасқынына қарсы төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жедел штаб пен арнайы топ құрылған. Қажет болған жағдайда олар тәулік бойы жұмыс істейді.

«Новая Согра» КМК мәліметтеріне сәйкес, Прохладная ауданындағы, Красин кентіндегі және Ә.Молдағұлова көшесіндегі каналдар тазартылды.