Өскеменде су тасқынына қарсы шаралар басталды

366
көрілім

«Жаңа Согра» кәсіпорынының жұмысшылары арықтарды тазалауға кірісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, коммуналдық қызметкерлер Прохладная ауданында су тасқынына қарсы дайындық шараларын бастады.

- Жалпы, облыс орталығында 1965 тұрғын үйді саяжайды су басу қаупі бар, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Құтқарушылар тұрғындарға су тасқынының алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында үйлерді аралайтын болады.