Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен "Өзіне өзі қол жұмсау" тақырыбында, бөлім басшысымен және бөлім психологінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында әскери қызметшілердің неліктен осындай қадамға баратындығы мен суицидтің белгілері туралы, яғни күйзеліске ұшырау, отбасындағы жанжал, жұмыстағы қысым, қарызға кіріп кету, ажырасу салдарынан психологиялық ауытқуға түсетіндігі туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Жиында "Өзіне өзі қол жұмсау" тақырыбы бойынша алдын алу шаралары түсіндірілді. Яғни, қызметшілер отбасымен тығыз қарым-қатынас орнатуы керек, - дейді Әділет майоры Асхат Рамазанов.
oskemende_suicidtin_aldyn_alu_sharalary_ot
59