Өскеменде бұрынғы «Большевик» ауданында тағы бір жол оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz тілішісі.
Бүгін Назарбаев даңғылында жол-көлік оқиғасы орын алды.
- Жол апатының алдын ала нұсқасында «Nissan» автокөлігінің жүргізушісі 45-ші дәріхана аумағынан келе жатып, «Металлург» сауда үйінің жанындағы автотұраққа бұрылған, бірақ даңғыл бойымен жүйикіп келе жатқан Toyota көлігі жол бермеген, - деп хабарлайды Өскемен қаласының полиция қызметкерлері.
25 қараша күні нақ сол ауданда тағы бір апат орын алған болатын. Ол кезде Mazda автокөлігі «Металлург» сауда үйінің жанында орналасқан шағын дүкенге соғылған.