Өскеменде тағы да елік пайда болды

404
көрілім

Облыс орталығының Абай даңғылы бойында тағы бір елік пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Еліктің қала көшелерінің бірінде жүгіріп жүргенін қала тұрғындары бейнежазбаға түсіріп алып әлеуметтік желіде таратқан.

- Қалаға түз тағысының кіріп кеткенінен хабарымыз бар. Бұл мәселе қазір талқылану үсітнде. Елікті ұстау оңай емес, - дейді Өскемен қалалық ПБ басшысы Даур Ибраев.

Осы жағдайға байланысты музей-қорқық директоры Арсен Тен хайуанаттар бағына жануарды қабылдауға дайын екендігін айтып өтті.

- Еліктер хайуанаттар бағынан қашып жатқан жоқ. Қазір бізде еліктер жоқ және ұзақ уақыттан бері болмаған. Егер оны ұстап алған жағдайда біз қабылдауға әзірміз, - дейді Арсен Тен.