Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана «Тақия-той» атты облыстық байқау ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кітапхана басшылығының айтуынша, шарт бойынша қатысушылар өз қолымен тіккен ер және әйел адамдарға немесе балаларға арналған ұлттық нақыштағы тақияларды байқауға ұсынады.
– Мақсаты – ұлттық құндылығымыздың бірегейі қолөнерді және ұлттық бас киім түрлерін жаңғырту, дамыту, насихаттау. Байқау жұмыстарын 2022 жылдың 20 қаңтарынан, 15 наурызына дейін қабылдайды. Асқан шеберлікпен тігілген бас киімдер үшін арнайы жүлделер мен қаржылай сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар 10 қатысушыға ынталандыру сыйақысы беріледі, – делінген ақпаратта.
Байқауды ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың телефондары:
87778550705, 87074949883 (вацап) - Жанат Жиенбекова,
87051730771 – Бақтылы Рахымбаева.
8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ;
Мекенжайы: Е.П.Славский 22.