Өскеменде терезеден құлаған бала көз жұмды

195
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір бүлдіршіннің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Шілде айының басында Филатов көшесіндегі көпқабатты үйдің терезесінен үш жасар қыз құлап кеткен. Ол Ана мен бала орталығына жеткізілді.
- Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді баланың өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалады. Іс тергелуде, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер. 
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің ақпаратынша, облыста жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы бойынша үш жағдай тіркелген.