2022 жылдың 7 қазанында Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі.
Оқу - жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталуда.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.