Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

641
көрілім

Облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ақпаратынша, 30 сәуірде Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
- Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.