Өскеменде тәртібі үлгілі сотталғандар туысқандарымен «Skypе» арқылы жүздесті

562
көрілім

Өскеменде тұңғыш рет ОВ-156/3 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға үлгілі жүріс-тұрысы үшін ғаламтордың «Skypе» желісі арқылы туыстарымен жүздесу мүмкіндігі берілді. Бейнекездесулерді облыс прокуратурасы және ШҚО ҚАЖД бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық прокуратура сотталғандарды сағынысқан туыстарымен жүздестіру мақсатында «виртуалды кездесу» жүйесін пилоттық режимде іске қосып отыр. Сотталғандар бұл шараның арқасында бейнеқоңыраумен 15 минут уақыт бойы өзінің туыстарымен сөйлесе алды. Колонияда осы кездесу жүйесін пайдаланған Алматы, Тараз және Екібастұз қалаларының тумалары да бар. Осындай кездесулердің бір артықшылығы – алыста орналасқан колонияларда жазасын өтеп жүргендердің туыстары жолға ақша шығармай, ғаламтор арқылы көрісе алады. Егер жоба нәтижелі болса, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы осы жүйені аумақтың барлық колонияларына енгізуді жоспарлауда.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ