Облыс орталығының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Сайран Ибраев баспасөз брифингін өткізіп, 9 айда қаралған істерді қорытындылады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
2017 жылдың 9 айында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралған жалпы істердің саны халық саны әлдеқайда басым кейбір облыстарға қарағанда асып-ақ тұр екен.
– Аталған кезең бойынша 9 мыңға жуық әкімшілік іс қарадық, – дейді Сайран Ибраев. – Бір айта кететіні, мас күйінде көлік жүргізгендерге тағайындалған жаза біршама қатаңдалғанымен, осындай заңбұзушылыққа жол беретіндердің саны азаймай отыр. 9 ай ішінде бұл баптан аттаған 735 адам тіркелді.