Өскеменде төрт көпір салынуы мүмкін

242
көрілім
Фотосурет қала әкімдігінен

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы қаулысымен бекітілген Бас жоспарға сәйкес Өскеменде төрт көпірдің құрылысы басталуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұның алдында төрт емес, алтау деп айтылған болатын. Жаңа көпірдің екеуін Меновное кенті мен Студенттер үйі ауданы маңында салу жоспарланды. Прапорщиково ауылы аумағындағы Ертіс өзені жартылай шеңберлі магистарльды біріктіруге мүмкіндік береді. Соның есебінен ауыр жүк көліктерін қала сыртымен жүргізуге болады. Қазір бұл жақтағы негізгі қарбалас Тоғас көшесі мен Понтон көпірі жақта байқалады. Дегенмен Риддер, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданына бару үшін жүк көліктері Н.Назарбаев даңғылы арқылы өтеді. Ал жаңа өткел Понтон көпіріндегі жүктемені азайтып, Семей, Алматы, Самар және Риддер трассалары бойынша транзитті айналма жол арқылы өткізуге себепші.
Кемежай ауданы жақтағы автокөлік өткелі қазіргі теміржол көпірінің жанында салынбақ.
Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Тұраровтың сөзінше, Әуезов даңғылы мен Меновное қиылысындағы және Достық үйі жақтағы өткел Бас жоспардан сызылып тастады.