Оқиға 10 шілде күні, кешкі сағат 17:20 шамасында Бажов көшесі, 548 мекенжайында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында Lada Largus маркалы көлігінің 69 жастағы жүргізушісі 4 жасар жаяу жүргіншіге жол бермей, нәтижесінде оны қағып кетті, - деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Жарақаттанған бала медициналық мекемеге жеткізілді.
- Атлаған жағдай бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп толықтырды полиция департаментіндегілер.
Анықталғандай, бала жалғыз болмаған. Куәгерлердің сөзінше, ол жолдан ересек адаммен бірге өткен.