Өскеменде трамвай қозғалысы қайтадан тоқтайды

651
көрілім

Электрлі транспорт жолдарын жөндеуге байланысты трамвай жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Өскемен қалалық көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайканың айтуынша, тамыз айының басында қалаға рельстердің жаңа партиясы келеді. Ескі трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары басталып, электр көлігінің қозғалысы тоқтатылады.
- Өткен жолы біз трамвайлардың қозғалысын 10 күнге тоқтаттық, бірақ бұл жолы барлығын бес күн ішінде жасауға тырысамыз, - деді ол.
Михаил Чайка жөндеу жұмыстарына қатысы жоқ бағыт бойынша жүретін қосымша маршруттардың іске қосылуын қарастырып жатқанын айтты.