Кеше кешқұрым облыс орталығындағы Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысына жақын маңда трамвай рельстен шығып кетті. Осының салдарынан қала ішіндегі трамвай қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдыңғы доңғалағы шығып кеткен трамвай байланыс желісінің бағанына жанай соқтығысқан. Бағаннның сымдары үзілген.
Алдын ала нұсқа бойынша, ауыр күйде жарақат алғандар жоқ. Істің анық-қанығы әлі белгісіз.