Өскеменде тұрғын үйден секіріп кеткен ер адамның жеке басы анықталды

430
көрілім

Полиция қызметкерлері тоғызыншы қабаттан құлап кеткен 42 жастағы ер адамның өліміне байланысты мәлімет берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Айта кетейік оқиға 27 маусым күні 30-шы Гвардиялық двизиясы көшесінде болған.
– Жасы қырықтың қырқасынан асқан еркек тоғызыншы қабаттан секіріп оқиға орнында жан тапсырды. Аталған жайтқа байланысты мәліметтер анықталуда, – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.